Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

26 октября 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО орналасқан 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы «Отырар» ТҮК (сыртқы желілерсіз және қосымша құрылыстарсыз)», «Отырар» ТҮК (блок 1-6), орналасқан мекенжайы: Түркістан қ., Жаңа қала ш.а., 9 көше.

Нысанды пайдалануға беру күні: 15.10.2023 жыл

1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Жайлылық класы: IV

Пәтерлер саны: 432,

Пәтер түрі: 1 бөлмелі, 144 пәтер, максималды ауданы 31 — 31 ш. м.,

Пәтер түрі: 2 бөлмелі, 144 пәтер, максималды ауданы 58,6 – 58,6 ш. м. және т. б.]

Пәтер түрі: 2 бөлмелі, 6 пәтер, максималды ауданы 65,19 – 65,19 ш. м. және т. б.]

Пәтер түрі: бөлмелі, 138 пәтер, максималды ауданы 78,48 – 78,48 ш. м. және т. б.]

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.10.2023жыл бастап 13.11.2023 жыл.

Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 14.11.2023жыл

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Тұрғын үйді бөлу кезінде азаматтардың мынадай санаттары басымдыққа ие:

- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады

Өтініштер ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру