Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

20 сентября 2023

Құрметті, салымшы!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды.

Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/2 тұрғын кварталында» орналасқан, 50 пәтерлік №10 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды-3049.

Нысанды пайдалануға беру күні: 09.12.2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3

Пәтер саны: 50

Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 58,49 ш.м;

Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 30 пәтер, ең үлкен аумағы 72,9 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 05 қазанға (қоса алғанда) дейін.

Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 06 қазан 2023 ж.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында беруге болады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан:

  • Бірінші және екінші топ мүгедектері (несие алу ережесінің талаптарына сай);

  • Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;

  • Көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" "Батыр Ана" және "Аналық даңқ" атағы бар көп балалы отбасылар;

  • Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (кәмелетке толған азаматтар, несие алу ережесінің талаптарына сай);

  • Толық емес отбасылар (2022 жылдың Бақытты отбасы бағдарламасының негізгі тізімінің қатысушыларынан) қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Несие мөлшерлемесі – 2% -ға дейін

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 2,04% дан бастап.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру