Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

27 мая 2022 Нысан коды: 1738
Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: " Тараз, Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 14 жер телім, 1 белгі, объектінің коды 1738", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 2021 жылдың маусым айында.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 2 пәтер.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 43,77 шаршы метр.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,81 шаршы метр.

Пулды қалыптастырусыз тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың маусым айының 02.
Броньдау кезеңі "02" маусым 2022 ж. 10:00 с. бастап 19:00 с. дейін.

Біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: объектіге өтінімді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру