Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 17 жер телім, 15 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панельді тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1827».
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 118 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пулды қалыптастырусыз тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың шілде айының 07.
Броньдау кезеңі "07" шілде 2022 ж. 10:00 с. бастап 19:00 с. дейін.
Біліктілік (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: объектіге өтінімді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!