Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: "Ақмола обл., Ақкөл ауд., Ақкөл қ., Иманова көш., 18 үй, 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын ұй", нысанның коды 1806, орналасқан мекен-жайы: Ақмола обл., Ақкөл ауд., Ақкөл қ., Иманова көш., 18 үй
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 28.05.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 18 пәтер,
Пул қалыптастырусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 01.12.2022ж. бастап 08.12.2022ж дейін.
Броньдау кезеңі 01.12.2022ж. 10-00с. бастап 08.12.2022ж. 23-00с. дейін.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын ,ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!