Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.

26 мая 2022 Нысан коды: 1797
Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО орналасқан 5-7 қабатты 23 тұрғын үйдің құрылысы (7 қабатты 13 тұрғын үй)». Сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз., объектінің коды 1797».
Құрылыстың аяқталу мерзімі: Аяқталған
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 180 000 теңге.
Барлығы: 7 пәтер
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 58,46 шаршы метр;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы аудан 68,88-69,36 шаршы метр.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 26.05.2022 жылдан бастап 07.06.2022 жылға дейін (қоса алғанда)
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 08.06.2022 жыл
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмаған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде не тіркелген сомада жинақ шотындағы тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде Пулға қатысуға өтініш беруге болады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру