Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: ": «Шымкент қаласының, Тұран ықшам ауданында 9 қабатты тұрғын үйлер салу (8 үйге арналған жобаны қайта қолдану) №55 тұрғын үй» (Сыртқы инженерлік желілерсіз)» объект коды №1660, Шымкент қаласы, «Тұран» м/а. мекенжайы бойынша орналасқан.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көмеліндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!