Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.

17 января 2022 Нысан коды: 1825

Құрметті салымшылар! 

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.

Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 14 жер телім, 3 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1825».

Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың маусым айында.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 160 000 теңге.

Барлығы: 17 пәтер!
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 53,91 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы аудан 60,11 шаршы метр;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аудан 75,96 шаршы метр.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда).

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 01 ақпан 2022 жыл.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады, «Бақытты отбасы» бағыттарына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру