Құрметті салымшылар!
Нысан: «Строительство 9 этажного дома №54 в мкр."Туран" г. Шымкент» объект коды №1659.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: желтоқсан 2020ж.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 200 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 28.03.2022ж. бастап сағат 10:00 ден 03.04.2022ж. 23:00-ге дейін.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!