Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру

5 декабря 2022 Нысан коды: 1768
Құрметті салымшылар!

Нысан: «Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 12 қабатты №56,№57,№58,№66 тұрғын үйлер салу» Қаратау ауданы, "Тұран" шағын ауданымекенжайы бойынша орналасқан, код №1768.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: қазан 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.
Пәтер саны: 23,
Пәтер түрі 2: 2-бөлмелі 18- пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м.,
Пәтер түрі 3: 3-бөлмелі 5- пәтер, ең үлкен аумағы 78,80 ш.м.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.12.2022 ж. бастап 22.12.2022 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 23.12.2022 жыл
Іріктеу (кредит төлеу қабілетін бағалау) мерзімі: 26.12.2022ж. бастап 11.01.2023ж. дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 26.12.2022 ж. бастап 16.01.2023 ж. дейін.
Тұрғын үйлерді бөлу күні: 17.01.2023 ж.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 20% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру