Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарландыру

25 января 2022 Нысан коды: 1797

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.

Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО орналасқан 5-7 қабатты 23 тұрғын үйдің құрылысы (7 қабатты 13 тұрғын үй)». Сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз, (объектінің коды 1797), орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қ. ӘІО

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: қыркүйек 2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 180 000 теңге «таза» әрлеуде.

Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 32
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 8 пәтер, максималды көлемі 36,14 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 5 пәтер, максималды көлемі 56,61 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 4 пәтер, максималды көлемі 58,46 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 2 пәтер, максималды көлемі 58,46 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 2 пәтер, максималды көлемі 64,12 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 3-бөлмелі: 7 пәтер, максималды көлемі 68,88 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 4 пәтер, максималды көлемі 69,36 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап 2022 жылдың 08 ақпанға (қоса алғанда) дейін.

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 09 ақпан 2022 жыл.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде не тіркелген сомада жинақ шотындағы тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде Пулға қатысуға өтініш беруге болады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру