«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» туралы хабарландыру!

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» туралы хабарландыру!

14 января 2021

Құрметті салымшылар!

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» (ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі) бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сататындығы жөнінде хабарлайды. Нысан: "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауында орналасқан, 60 пәтерлік №45    көппәтерлі тұрғын үйлердегі", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол Жағалау шағын ауданы №45 үй мекенжайы бойынша орналасқан. бос пәтерлерге өтініш беріп үлгеріңіз!

Пайдалануға берілді: 12.06.2020
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.

Барлығы: 34 пәтер!
Пәтер түрі :
- 24 пәтер (2 бөлмелі), ең жоғарғы ауданы- 58,48 ш.м.
- 10 пәтер (3 бөлмелі), ең жоғарғы ауданы- 67,62 ш.м.

Пулды қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 5 ақпанынан 2021 жылдың 5 наурызына дейін.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Брондау туралы өтінішті беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуды, соның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарын көруді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қол жетімді баспана» тарауында және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асыруға болады.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру