Құрметті салымшылар!
Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» , негізгі тізімінен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО кезекте тұрғандар үшін пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: «5 көппәтерлі тұргын ұй кұрылысы», Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 19 А шағын аудан, № 13,№14,№15,№17 үйлер мекенжайы бойынша орналасқан. Код объекты 2785.
Құрылыстың аяқталуының жоспарланған мерзімі: Үй пайдалануға берілді .
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 177 (бөлінетін пәтерлер саны).
Тұрғын үй түрі: 1 бөлмелі : 154 пәтер, ең үлкен ауданы 43,82 ш.м.
Тұрғын үй түрі: 2 бөлмелі : 23 пәтер, ең үлкен ауданы 70,92 ш.м..
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 24.07.2023 ж. бастап 28.07.2023 ж. дейін.
Брондау мерзімі: 24.07.2023 сағат «10-00»- ден бастап 28.07.2023 жылға «23-00» -ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер жергілікті әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрған салымшылардан және «Бақытты отбасы» бағыты бойынша негізгі тізімге өткен келесі категориялармен үй кезегінде тұрған Банк салымшыларынан қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жайғасымын Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде танысуға және көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!