Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: " Тараз, Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 12 жер телім, 3 белгі, объектінің коды 1798", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: тамыз 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 5 пәтер.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 55,04 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,91 шаршы метр;
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 73,94 шаршы метр.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2022 жылғы қаңтар айының 31.
Броньдау кезеңі "31" қаңтар 2022ж. 10:00 с. бастап 19:00 с. дейін.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!