Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

26 июля 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Трилистник» көпқабатты тұрғын үйі, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2021 жылдың тамыз айы.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 175 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 4.
Пәтер саны: 168,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен аумағы - 35,02 ш.м.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 48 пәтер, ең үлкен аумағы - 40,94 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 24 пәтер, ең үлкен аумағы - 52,62 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 72 пәтер, ең үлкен аумағы - 69,15 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 02.08.2021 ж. бастап 01.09.2021 ж. дейін.

Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 02.09.2021 ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру