Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған қосымша конкурсқа өтініштер қабылдау басталатынын хабарлайды.
Нысан: "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан, 4 пәтерлік жер учаскесі бар 10 көппәтерлі тұрғын үй", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, 5 квартал аумағы, №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.12.2020 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 26.04.2022 ж. бастап 03.05.2022 ж. дейін
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 04.05.2022 ж.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде жинақ шотындағы тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде пулға қатысуға өтініш беруге болады.
Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% – ы мөлшерінде, жинақтары болған кезде қарыз берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!