Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға қосымша конурсқа өтініш қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға қосымша конурсқа өтініш қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

25 января 2023

Құрметті, салымшы!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Нысан: Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында орналасқан, 60 пәтерлік №9   көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды-2217.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 13.10.2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3.

Пәтер саны: 6.

Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 6 пәтер, ең үлкен аумағы 66,44 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 01 ақпанға (қоса алғанда) дейін.

Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 02 ақпан 2023 ж.

Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% - ы мөлшерінде, "Шанырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.

(Пуллға қатысуға өтінім, егер өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылысының жинақталған сомасы болса).

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты Отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру