Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «5-қабатты 60-пәтерлі тұрғын үй», Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында, Алашахана көшесі, 34К үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2021 жылдың қыркүйек айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 125 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 25.04.2022 ж. бастап 23.05.2022 ж. дейін
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 24.05.2022 ж.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы сатылуына дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының 5% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін – таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға және көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!