Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқау басталуы туралы хабарлайды.
Нысан: «Қарағайлы тұрғын ауданында, 9 қабатты 54 көппәтерлі тұрғын үй, № 42 "Б" «Қарағайлы». Мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, «Қарағайлы» тұрғын алабы, 1729 коды», ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: тамыз 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Пәтер саны: 14,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 14 пәтер, ең жоғарғы ауданы 53,83 ш.м.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 02.02.2022 ж. бастап 14.02.2022 ж. дейін.
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 15.02.2022 жылы.
Өтініштер ЖАО кезегінде тұратын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көмеліндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін. "Шанырақ" және "Бақытты отбасы" бағытының қатусышыларға – таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көмеліндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек.
Пулға өтініштерді беру Банктің www.otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің www.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!