Құрметті салымшылар!
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлама.
Нысан: «Өскемен қаласының 19 тұрғын үй ауданының төртінші орамындағы бес қабатты тұрғын үй құрылысы инженерлік желілерімен». Тұрғын үй 91 ұстаным.
Орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 19 тұрғын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.09.2020ж.
Жайлылық сыныбы: 4
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге (1-ші - 4-ші этажға дейін) «таза» әрлеудегі теңге.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 100 000 теңге (мансарда – 5 этаж) «таза» әрлеудегі теңге.
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 20.11.2020 ж.бастап-26.11.2020 ж.дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 27.11.2020ж.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады, ЖАО-да кезекте болмауы керек.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында, пулға өтініш беру болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, тарату тәртібімен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында толығырақ көре аласыздар.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!