Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) негізгі тізімінен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО кезекте тұрғандар үшін «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» Тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «5 көппәтерлі тұргын ұй кұрылысы», Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 19 А шағын аудан, № 13,№14,№15,№17 үйлер мекенжайы бойынша орналасқан. Код объекты 2785.
Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: Үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны:180 000 теңге "таза" әрлеудегі.
Жайлылық класы: IV.
Пәтер саны: 324.
Пәтер түрі 1 :1 бөлметі 162 пәтер, ең үлкен ауданы 43,82 ш.м.
Пәтер түрі 2 :2 бөлметі 162 пәтер, ең үлкен ауданы 70,92 ш.м.
Қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 11 мамыр 2023 жылдан бастап 25 мамыр 2023 жылға дейін. (қоса алғанда)
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 26 мамыр 2023 жылы
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініштер келесі тізім бойынша негізгі тізімге енгізілген «Бақытты отбасы» бағыты бойынша, ЖАО үшін кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Қарыз беру өтініш берушіде жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10%-ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жайғасымын Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде танысуға және көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!