Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Көкшетау қал, Көктем шағын аудынының солтүстігінде, 60 пәтерлі 5 қабатты, тұрғын ұй», нысан коды 1924», орналасқан мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сарыарқа ш.а. 7/6 ү..
Құрылыстың аяқталу мерзімі: қараша 2023 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 160 000 теңге.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 1 (бөлінген пәтер саны),
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 1 пәтер, ең үлкен ауданы 29,34 ш.м.,
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 16 ақпаннан 2024 ж. бастап 22 ақпанға 2024 ж. дейін
Ұпайларды есептеу (Үміткерлерді іріктеу) күні: 23 ақпан 2024 ж.
Өтініштер ЖАО-да, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар (2022 жылғы негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағытына қатысушылар)
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Қарыз беру өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін – қарыз сомасының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жайғасымын Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде танысуға және көруге болады.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!