Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 17 жер телім, 6 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 2335».
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2022 жылдың мамыр айында
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 160 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 27 маусымнан бастап 2022 жылдың 25 шілдеге дейін (қоса алғанда)
Клиенттер тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 26 шілде 2022 жыл
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Пулға өтініштерді беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Пулға өтініш беру, егер өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 10% мөлшерінде болған жағдайда мүмкін болады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!