Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй бағасының және/немесе техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы

Тұрғын үй бағасының және/немесе техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы

15 тамыз 2017
Құрметті салымшылар!

2017 жылғы 12 сәуірден бастап 12 мамырға дейінгі кезеңде «БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының Қарашығанақ 1 шағын ауданындағы 75 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы» нысаны бойынша «Жергілікті атқарушы органдар арқылы Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.
Салымшылардың дауыс беру нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды деп танылды.

Банкке ЖАО тарапынан келіп түскен кіріс №241 09.08.2017ж. хатқа сәйкес, көрсетілген нысанда жобалаушымен техникалық сипаттамалары қайта келісуіне байланысты, үйдің келесідей техникалық сипаттамалары өзгертілді: санитарлық торапта жарды плиткамен әрлеуді 1,8 м. биіктікте жасау.
Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, олар Банкке хабарласып, «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін берген өтініштерін кері алуларына болады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үйді бағдарлама талаптары мен шарттарына сай жүзеге асыратын болады.
Осы нысанға дауыс берген және «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу мақсатында берген өтініштерін кері алған Банк салымшылары Банк жүзеге асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандары бойынша дауыс беруге қатыса алады.
Банк тарапынан ұсынылатын басқа да нысандар жөніндегі ақпараттарды Банктің www.hcsbk.kz сайтынан ала аласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.




Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру