Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылдың «31» наурызынан бастап 2016 жылдың «08» сәуіріне дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтынын хабарлайды, тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Төрт қабатты тұрғын үй (қосымша мансардалық қабатпен), 47 айқындама» көп пәтерлі тұрғын үй (барлығы 1 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 112 500 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: тамыз 2015 жыл.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!