Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша байқау туралы

ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша байқау туралы

14 августа 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: ШҚО, Өскемен қаласы, 19 шағын ауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үй, 61/1 айқындама (нысан коды 195).
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: нысан құрылысы 2016 жылы аяқталды
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 1, олардың:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,3 ш.м.,
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 17.08.2018 жылдан бастап 24.08.2018 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 27.08.2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 04.09.2018 жылдан бастап 11.09.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 04.09.2018 жылдан бастап 17.09.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 18.09.2018 жыл
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар. Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру