Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша байқау туралы

ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша байқау туралы

30 июля 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Нұржау көшесінде орналасқан 40-пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, №2 айқындама» (нысан коды 210).
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: нысан құрылысы 2016 жылы аяқталған
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 119 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 6 , олардың:
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 85,64 ш.м.,
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 01.08.2018 жылдан бастап 09.08.2018 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 10.08.2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 16.08.2018 жылдан бастап 23.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 16.08.2018 жылдан бастап 28.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 29.08.2018 жыл
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар. Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.



Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру