Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылдың «02» мамырыдан бастап 2016 жылдың «05» шілдеге дейін тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдау уақыты ұзартылатының хабарлайды. Пул ШҚО-ында тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру туралы Ынтымақтастық келісім аясында салынып жатқан «ШҚО, Семей қаласы, 1 Мелкомбинат алаңы көшесінде орналасқан тоғыз қабатты 81 пәтерлік тұрғын үй құрылысы» объектісіне «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша құрылады. Пәтерлер 4 сынып жайлылыққа сәйкес, бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 145 000 теңге тұрады, пәтерлер саны - 81 (екі бөлмелі – 54 пәтер, үш бөлмелі – 27 пәтер).
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2016 жылдың тамыз айы.
Өтінішті банктің барлық филиалдарында беруге болады
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің ШҚО, Семей қ., Ж.Шәйжүнісов көшесі, 152 а үй, телефон: 8 (7222) 56 66 35; 8 (7222) 52 28 36; 8 (7222) 56 96 77; тел. факс: 8 (7222) 56 66 35, мекен-жайында орналасқан филиалында құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!