Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімін ұзарту туралы

Өскемен қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімін ұзарту туралы

16 июля 2015

 Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімін ұзартатындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Тоғыз қабатты монолитты көппәтерлі тұрғын үй 52 айқындама» көп пәтерлі тұрғын үй (барлығы 90 пәтер).

Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 112 500 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: қараша 2015 жыл.  

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің:
Шығыс Қазақстан облысы,  Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1;
Шығыс Қазақстан облысы,  Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2;
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2 мекенжайларында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру