Құрметті салымшылар!
ЖАО-дан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданында орналасқан «61 айқындама, тұрғын үй» нысан құрылысының аяқталу мерзімінің өзгертілуі жайындағы мәліметтерді алуымызға байланысты: - құрылыстың аяқталу мерзімінің «2016 жылғы қарашаға» өзгертілгендігін; - құрылыстың пайдалануға беру мерзімінің «2016 жылғы желтоқсанға» өзгертілгендігін; - «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің «2016 жылдың 15 тамызынан бастап 2016 жылдың 14 қазанына» дейін өзгертілгендігін хабарлаймыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін Банктің төменде көрсетілген мекенжайларында орналасқан бөлімшелеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1; Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2; Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!