Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қ., 19 тұрғын аудан, 31А айқындама мекенжайындағы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдау туралы

Өскемен қ., 19 тұрғын аудан, 31А айқындама мекенжайындағы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдау туралы

24 июля 2015

 Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 3 тамызынан бастап 2 қазанына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтындығын хабарлайды. ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекенжайы) ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Бес қабатты тұрғын үй, 31А айқындама» көп пәтерлі тұрғын үй (барлығы 24 пәтер). Құрылыстың аяқталу мерзімі: қараша 2015 жыл.  

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» АҚ ынтымақтастық туралы келісіміне жасалған қосымша келісім негізінде баспана құнының 1 ш. метрі бағасының  «таза әрлеумен» 110 000 теңгеге өзгергенін хабарлаймыз.

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.
Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру