Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Шымкент қаласындағы тұрғын үй бағасының өзгергені туралы

Шымкент қаласындағы тұрғын үй бағасының өзгергені туралы

24 апреля 2018
Құрметті салымшылар!

Банкке ТОО «Мерей & LTD» тарапынан келіп түскен хатқа сәйкес, «Шымкент қаласы, Күншығыс ш.а., Пазиков көшесі, 21» мекенжайында орналасқан нысан бойынша тұрғын үйдің 1ш.метрінің бағасы 200 000 теңгеден 180 000 теңгеге өзгертілгендігін хабарлаймыз.

Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, олар Банкке хабарласып «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.
Осы нысанға дауыс берген және «Нұрлы жер» бағдарламасы қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.
Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz сайтынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру