Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Щучинск қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініш қабылдау туралы

Щучинск қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініш қабылдау туралы

11 маусым 2015

Құрметті салымшылар!

2015 жылдың 24 маусымынан бастап 24 тамызына дейінгі аралықта тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылданатындығын хабарлаймыз. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан, мекен-жайы: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Магнитная және Школьная көшелерінде орналасқан, 75 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы шеңберінде (барлығы 38 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90000 теңге. 

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың тамыз айы.  

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ, Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің Көкшетау қаласы, 8 март көшесі, 51 үй мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру