Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 7 желтоқсанынан бастап 22 желтоқсанына дейінгі аралықта тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініш қабылданатындығы туралы хабарлайды. Пул ШҚО-да тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру туралы Ынтымақтастық келісімшарты аясында салынып жатқан «ШҚО, Семей қаласы, №10 позиция, Әміре Қашаубаев көшесі мен Халықтық көшесінің қиылысында орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша құрылады. Пәтерлер 4 сынып жайлылығына сәйкес, бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрі 135 000 теңге, №3 Пул, барлығы 6 пәтер (үш бөлмелі). Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қараша айы. Өтінішті Банктің барлық филиалдарында беруге болады. Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің «ШҚО, Семей қ., Ж.Шәйжүнісов көшесі, 152 а үй, байланыс телефондары: 8 (7222) 56 66 35; 8 (7222) 52 28 36; 8 (7222) 56 96 77» мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!