Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 27 тамыздан бастап 11 қазанға дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Павлодар қаласы, (Толстой, 96 тұрғын үйдің ауданында) Толстой көшесінде орналасқан тұрғын үй құрылысы (барлығы 1 пәтер), №5 пул. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: қазан 2015 жыл.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында танысуға болады.
Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің Павлодар қаласы, Абай көшесі, 75 үй мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. Банк филиалының телефон нөмірі 8 (7222) 566635.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!