Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс беру туралы

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс беру туралы

2 маусым 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысандарына дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: Ақтөбе қ., "Батыс-2" тұрғын массиві, 1 шағын аудан, 9 қабатты №12 «А» үй.
Тапсырыс берушінің/Құрылыс салушының атауы: «Соллерс» ЖШС.
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: тамыз 2017 жыл.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады (Таза әрлеуде. Төбелері ВА бояғыш, құрғақ құрылыс қоспаларымен түзетілген. Қабырғалары – жақсартылған, ВА бояғыш, құрғақ құрылыс қоспаларымен сыланған; дәретхана мен ваннада барлық биіктікте және ас бөлмеде 1,8 м 6141 – 91 ГОСТ сырты жылтыр тақтайшалармен қапталған; едендер тұрғын бөлмелерде, кіреберісте, ас бөлмеде - линолеум; дәретхана, ванна бөлмелерінде, лоджияларда, баспалдақ алаңдарында, дәліздерде - 6141 – 91 ГОСТ керамикалық плитка).
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: III
Пәтер саны: 27, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 1 пәтер, жалпы ауданы 49,2 шаршы метр,
Пәтер түрі 2-бөлм.: 17 пәтер, жалпы ауданы 55,5 – 56,6 шаршы метр,
Пәтер түрі 2-бөлм.: 9 пәтер, жалпы ауданы 62,7 шаршы метр.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 05 маусым 2017 жылдан бастап 13 маусым 2017 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 14 маусым 2017 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 30%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің [Іріктелген үміткерлер] қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру