Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс жарияланатындығын хабарлаймыз

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс жарияланатындығын хабарлаймыз

28 сентября 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» Банк бағдарламасы бойынша қосымша конкурс жариялайды.

Нысан: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үй (40 пәтер).

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 01.09.2016 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеумен 140 000,00 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 7, оның ішінде:
2-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер, ең жоғарғы аудан 57,9м2.
3-бөлмелі пәтер түрі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 72,5м2.
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 06.10.2016ж. - 16.10.2016ж.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 17.10.2016ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 20.10.2016ж – 28.10.2016ж.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 06.10.2016ж. – 03.11.2016ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 04.11.2016ж.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде беруге болады.Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғынүй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Тұрғын үйді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру