Отбасы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауын бастады | «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу туралы өтініштер otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында қабылданады. Ол үшін Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенті болу қажет және аутентификация кодын алу үшін қолыңызда ұялы телефон болуы керек.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауын бастады

Отбасы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауын бастады

20 маусым 2022

Баспасөз мәлімдемесі

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу туралы өтініштер otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында қабылданады. Ол үшін Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенті болу қажет және аутентификация кодын алу үшін қолыңызда ұялы телефон болуы керек.

Қосымша анықтамалар мен құжаттар қажет емес. Жүйе үміткердің деректерін тексеріп, өтініш қалыптастырады.

Бағдарламаға келесі санаттар бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады:

- көп балалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

«Бақытты отбасы» бағдарламасына 2021 жылы тапсырыс берген, алайда заем алмаған үміткерлердің өтініштері күшін жояды. Бағдарламаның жаңа кезеңіне қатысу үшін олар биыл қайтадан өтініш берулері қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері автоматты түрде қалыптастырылады. Тізімдерге бөлу кезінде қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты анықтаушы факторға айналады. Байқау нәтижелерін otbasybank.kz порталынан көруге болады.

 «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу кезінде азаматтардың кірістері тексерілетін болады. Соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы керек (2022 жылы КМ 37 389 теңге, сәйкесінше бір отбасы мүшесіне шаққандағы табыс 115 905 теңгеден аспауы тиіс).

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несие сомасының 10%-на тең бастапқы жарна болған жағдайда, жылдық 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем алуға болады. Несие мерзімі 20 жылға дейін.

Отбасы жергілікті әкімдіктер арқылы салынған несиелік тұрғын үйді немесе бастапқы және екінші нарықтағы кез келген пәтерді сатып ала алады, сонымен қатар жеке үй сатып алуға да рұқсат етіледі. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңындағы аудандарында, Шымкент, Ақтау, Атырауда 15 млн теңгеге дейін және басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы тиіс.

 ***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру