Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Өскемен қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

21 мая 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «АҚ Байтерек девелопмент несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.

Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, жоғарғы тас жолдағы тоғызқабатты тұрғын үй ғимараты».

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 31.08.2019 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 162 827 теңге.

Пәтер саны: 113,
1-бөлмелі түрі: 23пәтер, максималды көлемі – 49,18 ш.м.,
2-бөлмелі түрі: 59 пәтер, максималды көлемі – 64,64 ш.м.
3-бөлмелі түрі: 21 пәтер, максималды көлемі – 80,67 ш.м.
4-бөлмелі түрі: 11 пәтер, максималды көлемі – 84 ш.м.

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 23.05.2019 ж.-20.06.2019 ж.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 21.06.2019 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 27.06.2019 ж. – 18.07.2019 ж.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 27.06.2019 ж. – 25.07.2019 ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 26.07.2019 ж.
Пулға өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсына беруге болады.
Қолжетімді тұрғын үй бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын, бөлу тәртібімен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында және Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру