Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы дауыс берудің басталғандығы туралы

Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы дауыс берудің басталғандығы туралы

24 тамыз 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы Жергілікті атқарушы органдар арқылы «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс берудің басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын аудан, 119 айқындама» мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің мансардалық қабаты, барлығы 12 пәтер.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың желтоқсан айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеумен 100000 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны:12
2-бөлмелі пәтер түрі: 6, максималды көлемі – 68,93 ш.м.

3-бөлмелі пәтер түрі: 6, максималды көлемі – 89,20 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 28 тамызынан бастап 27 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейін.

Нысан келісілген жағдайда балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 28 қыркүйек 2017 жыл.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйдің кемінде 50%-ы ЖАО кезегіндегілер арасында бөлінеді.
Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен ЖАО кезегіндегілердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары арасында басқа өтініш берушілерге бөлінеді.
«Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысуға өтініш бере отырып, Банк салымшылары Нысанға, оны әрі қарай іске асыруға дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банкте:
- Нысанды келісу үшін салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткілікті болса, берілген өтініштер бойынша балл есептелінетін болады;
- салымшылардың өтініштерінің саны (Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталады) жеткіліксіз болса, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру