Қосымша конкурс туралы | Нысан: «Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., Гастелло көшесі, 44 үй» мекенжайында орналасқан «55 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй».
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қосымша конкурс туралы

24 мамыр 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: «Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., Гастелло көшесі, 44 үй» мекенжайында орналасқан «55 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй».
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: аяқталды.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 125 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 8
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 51,80 ш.м.;
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жол» бағдарламасына: 23.05.2017ж. бастап 31.05.2017ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 01.06.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 2017 жылғы «07» маусымнан бастап 2017 жылғы «17» маусымға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2017 жылғы «07» маусымнан бастап 2017 жылғы «22» маусымға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: «23» маусым 2017ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру