Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қосымша байқау өткізілетіндігі туралы | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды. Нысан: «БҚО, Орал қаласы, Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ-дағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені, №40-Дақ».
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

10 тамыз 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.

Нысан: «БҚО, Орал қаласы, Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ-дағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені, №40-Дақ».
Құрылыстың аяқталу мерзімі: шілде 2017 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 149 017 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 100, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 38 пәтер – 1, 5, 6, 7, 8, 9 қабаттар , ең жоғарғы көлемі 40,00 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 39 пәтер – 1, 4, 5, 6, 7, 8, 9 қабаттар , ең жоғарғы көлемі 59,82 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 23 пәтер – 1, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9 қабаттар , ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 14 тамыздан 2017ж. - 28 тамыз 2017ж аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 29 тамыз 2017ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 4 қыркүйектен 2017ж. – 15 қыркүйек 2017ж. аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 4 қыркүйектен 2017ж. –26 қыркүйекке 2017ж дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 26 қыркүйек 2017ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру