Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді таңдау және бөлу мерзімінің өзгертілуі туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді таңдау және бөлу мерзімінің өзгертілуі туралы

12 марта 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша тұрғын үйді бөлу мен тұрғын үй таңдау кезеңінің өзгеруі туралы хабарлайды.


Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар, №4 айқындама.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың маусым айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 139 346 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 4, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 2 пәтер –ең жоғарғы көлемі 40,00 шаршы метр, 9 қабатта.
2-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер –ең жоғарғы көлемі 59,82 шаршы метр, 9 қабатта.
3-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер –ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр, 9 қабатта.

Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 12– 26 наурызы аралығында.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жыл 17 наурыз.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру