Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

14 тамыз 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласы, Орал-Атырау, Орал – Сартаов тас жолдары арасындағы 9 қабатты 180 пәтерлі 4 кіреберісті ірі панелді тұрғын үйдің құрылысы. №5 айқындама».

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың шілде айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 133 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 1, оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер –ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр, 9 қабатта.

Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 13 тамызы мен 19 тамызы аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018 жылдың 20 тамызы
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың 22 тамызы мен 28 тамызы аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылғы 22 тамыздан 04 қыркүйекке дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылдың 05 қыркүйегі.

Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.



Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру