Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды. Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Самал көшесі, 94/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі 9 қабатты №1 көппәтерлі тұрғын үйді ірі панелді схема бойынша салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)»
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 01.02.2021 ж. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен 00:00 бастап) – 12.02.2021 ж. (қоса алғанда).
Төлемқабілеттілік уақыты: пәтерге бронь қойғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!