Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға» қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға» қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

21 тамыз 2026

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде пулға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабарлайды.

10.09.2026 дейін (қоса алғанда).

Нысан: «БҚО, Бөрлі ауданының, Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшам ауданындағы 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу(39-белгі, сыртқы инженерлік желілерсіз)», орналасқан мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 10 ықшам аудан, 20 үй.

Пәтер түрі: 1, 1­бөлмелі: 46 пәтер, максималды көлемі 35,31 ш.м.

Пәтер түрі: 2, 2­бөлмелі: 41 пәтер, максималды көлемі 55,24 ш.м.

Нысанның коды: 6155.

Үміткерлерді іріктеу күні: 11.09.2026 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеудегі 200 000 теңге.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.

Өтініштер бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру