«ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру | Нысандар, орналасқан мекенжайы: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Байторысай ауылдық округі, Байторысай ауылы, Бөкенбай батыр көшесі Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Аққұдық ауылдық округі, Аққұдық (Вознесеновка) ауылы, Ақбұлақ көшесі, 9А...
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

«ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

8 қыркүйек 2026 Нысан коды: 9719, 9725, 9730, 9732, 9789, 9799, 9831, 9832, 9833, 9841, 9845, 9846, 9862

Құрметті Клиенттер!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды (бұдан әрі – Бағдарлама).

Нысандар, орналасқан мекенжайы:

  • Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Байторысай ауылдық округі, Байторысай ауылы, Бөкенбай батыр көшесі, нысан коды 9719;
  • Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Аққұдық ауылдық округі, Аққұдық (Вознесеновка) ауылы, Ақбұлақ көшесі, 9А, нысан коды 9725;
  • Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Аққұдық ауылдық округі, Аққұдық (Вознесеновка) ауылы, Есет батыр көшесі, 22, нысан коды 9730;
  • Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Аққұдық ауылдық округі, Достық ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 33А, нысан коды 9732;
  • Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы, Әйтеке би көшесі, нысан коды 9789;
  • Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы, Шанғытбаев көшесі, нысан коды 9799;
  • Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылсу ауылдық округі, Қызылсу ауылы, Алтынсарин көшесі, нысан коды 9831;
  • Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылсу ауылдық округі, Қызылсу ауылы, Бірлік көшесі, нысан коды 9832;
  • Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы, Жанкесай көшесі, нысан коды 9833;
  • Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақұдық ауылдық округі, Қарақұдық ауылы, Кең Дала көшесі, нысан коды 9841;
  • Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақұдық ауылдық округі, Қарақұдық ауылы, №1 көше, нысан коды 9845;
  • Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Нұрбұлақ ауылы, Өрлеу көшесі, нысан коды 9846;
  • Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Сарыхобда ауылдық округі, Сарыхобда ауылы, Орталық көшесі, нысан коды 9862.

Нысандар пайдалануға беру күні: 2025 ж.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.09.2026 жылға дейін.

Тұрғын үйді бөлу күні: 14.09.2026 ж.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке тұру күні сәйкес келген жағдайда – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 20% (жиырма пайызы) жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы абзацпен бекітілген олардың үлесі табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күніне байланысты төмендегі абзацта көрсетілген қалған 7 (жеті) санат арасында бөлінуге тиіс.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 50 % (елу пайызы) келесі тұлғаларға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе балалары бар отбасыларға;
  • жесірлерге (тұл ерлерге);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

Осы абзацта көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғын үйдің қалған көлемі төмендегі абзацта көрсетілген тұлғаларға беріледі.

Тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, тұрғын үйге мұқтаж жандарға беріледі:

  • қандастар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • толық емес отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.

МАҢЫЗДЫ!!!

Банк жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары үшін көзделген тұрғын үйдің жалпы көлемінен бөлінген үлес шегінде кандидаттар толық іріктелген және (немесе) бөлінетін тұрғын үй өтініш берушінің отбасы құрамына қатысты тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, берілген өтініштерді біржақты тәртіппен жояды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру