Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төменде көрсетілген нысан бойынша төлемқабілеттілікті растау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды:.
Нысан: «БҚО Орал қ. Ақжайық ЕТЖК 4 шағын ауданындағы 1, 2 квартал көп пәтерлі тұрғын үйлер кешенінің құрылысы. № 4 үй (абаттандыру және инженерлік желілерсіз)». Нысан мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, 4-шағын аудан, 24-үй, нысанның коды: 7817.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 15.05.2026 жылдан бастап 02.06.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 15.05.2026 жылдан бастап 04.06.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 05.06.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!