Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға» қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға» қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

29 маусым 2026

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «2%-дан аспайтын / 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын беру» бағытына қатысуға өтініштердің қабылданатыны туралы хабарлайды.

Нысан: «КТҮ №58Г», объектінің коды 6837, Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы т.а., 58Г үй мекен-жайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 22 қыркүйек 2025 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 250 000 теңге.

Жайлылық класы: IV

Пәтер саны: 14

Пәтер түрі 1: 2-бөлмелі, 8 пәтер, ең жоғарғы ауданы 52,69 ш.м.

Пәтер түрі 1: 2-бөлмелі, 6 пәтер, ең жоғарғы ауданы 59,11 ш.м.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың «25» маусымынан бастап 2026 жылдың «01» шілдеге дейін.

Қатысушыларды іріктеу күні: іріктеу «02» шілде 2026 ж.

Қатысушыларды іріктеу олардың тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қойылған күні бойынша жүзеге асырылады. Кезекке қойылған күні сәйкес келген кезде - Otbasybank.kz арқылы қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша іріктеледі.

Тұрғын үйді бөлу кезінде нысандағы тұрғын үйдің жалпы санының 70% мөлшеріне азаматтардың мынадай санаттары бірінші кезектегі құқыққа ие:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;

4) I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);

7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

8) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бұл ретте нысандағы тұрғын үйдің жалпы санының 20%-ы тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында тұрған адамдарға бөлінеді. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үйге мұқтаждар есебінде болмаған жағдайда, не олар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үймен немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үймен толық қамтамасыз етілген жағдайда, осы абзацта бекітілген олардың үлесі жоғарыда көрсетілген қалған 7 санат арасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою күні мен табыс деңгейіне байланысты қайта бөлінеді.

Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру бойынша тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын тұрғын үйге мұқтаж адамдарға беріледі.

Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініштер қабылданған кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік заем шарттарын рәсімдеу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.

Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.

Өтініштер бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй заемдарын беру өтініш берушінің жинақ шотында заем сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру