«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» шеңберінде өтініштер қабылдау туралы хабарландыру | Объект: «Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласында орналасқан 180 пәтерлік кредиттік тұрғын үй» мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Набережная көшесі, 175-үй, 175-үй, 1-корпус, 175-үй, 2-корпус.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» шеңберінде өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

«Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» шеңберінде өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

12 қараша 2026 Нысан коды: 10626

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын жеңілдікті алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру» бағыты бойынша қатысуға өтініштер қабылданатынын хабарлайды.

Объект: «Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласында орналасқан 180 пәтерлік кредиттік тұрғын үй» мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Набережная көшесі, 175-үй, 175-үй, 1-корпус, 175-үй, 2-корпус.

Объектіні пайдалануға беру күні: 10.11.2026 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: әрлеу жұмыстары толық аяқталған («таза әрлеу») күйде – 190 000 теңге.

Жайлылық класы: 4.

Пәтерлер саны: 180.

  • 1-тип: 45 пәтер, ең жоғары ауданы – 35,80 ш.м.
  • 2-тип: 45 пәтер, ең жоғары ауданы – 47,10 ш.м.
  • 3-тип: 90 пәтер, ең жоғары ауданы – 68,30 ш.м.

Қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі: 13.11.2026 жылдан 27.11.2026 жылға дейін.

Қатысушыларды іріктеу күні: 30.11.2026 жылға дейін.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қойылған күндері бірдей болған жағдайда, жылжымайтын мүлік порталы Otbasybank.kz арқылы қатысуға өтініш берілген күні мен уақыты ескеріледі.

Қарыз беру үшін Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасының болуы қажет.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбетінің фотосуреттерімен және тұрғын үйдің жоспарлануымен Банктің otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде танысуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банктің 300 нөмірі бойынша Байланыс орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

Маңызды! «I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар» санаты бойынша сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған мәртебесі бар салымшылардан өтініштер қабылданған жағдайда, ҚР Азаматтық кодексінің 159-бабына сәйкес банктік қарыз шарттарын жасасу мүмкін емес (тұрғын үй құнын толық сатып алу жағдайларын қоспағанда).

Сатып алушылар пулына қатысуға өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы беруге болады.

Өтініштер тек Банктің тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған және Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тіркелген салымшыларынан қабылданады.

Қарыз беру үшін өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10%-ы мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасының болуы қажет.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбетінің фотосуреттерімен және тұрғын үйдің жоспарлануымен Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру